Көгалдандру мәселелері жөніндегі Экологиялық кеңестің отырысы

Көгалдандру мәселелері жөніндегі Экологиялық кеңестің отырысы

Облыс әкімі А.Қ. Байхановтың төрағалығымен өңірдегі көгалдандыру жұмыстары мәселелері бойынша Павлодар облысының экологиялық кеңесінің отырысы өтті.

Мемлекеттік орман қорында жоспарланған орман екпелері жұмыстары және кәсіпорындарымен санитарлық-қорғау аймақтарын көгалдандыру туралы Кеңеске қатысушыларға Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы Әйгерім Қабылтаева хабарлады. Мемлекеттік орман қорында орман қорғау мекемелерімен 24,5 млн. көшет отырғызылады. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың санитарлық-қорғау аймақтарында 21 мыңнан астам көшет отырғызу жоспарлануда.

Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша облыстың үш қаласының әкімдіктерімен әзірленген Дендрологиялық жоспарлар таныстырылды. Оларды құрастыру жасыл қорды түгендеу және жүйелеу, өсімдіктерді фитопатологиялық талдау, топырақты бағалау бойынша үлкен жұмыстармен қатар жүрді.

Мәселен, облыс орталығында 200 мыңнан астам ағаштар мен бұталардың 78%-ы өнімді жастағы 10-нан 40 жасқа дейін, 17%-ы жас екпелер (10 жасқа дейін), қалған 5%-ы 40 жастан асқан. Сондай-ақ, екпелер тұқымдық құрамы мен өмірлік жағдайы бойынша жүйеленген. Өткізілген түгендеудің барлық қорытындылары жасыл желектердің бірыңғай электрондық картасында орналастырылған. Жүргізілген түгендеуді ескере отырып, скверлерді жоспарлы қайта құру, аллеялық екпелер, әлсіреген ағаштарды кезең-кезеңімен ауыстыру көзделген.

Ұсынылған дендропландарды Экокеңес мүшелері бірқатар ұсыныстарды ескере отырып қабылдады. Сонымен қатар, көгалдандыру жұмыстары, өтемдік екпелер мен суаруды бақылауды күшейту бойынша ұсыныстар берілді.

Өңір басшысы саябақтар мен скверлерде автоматтандырылған суаруды ұйымдастыру, санитарлық аймақтарды көгалдандыру бойынша өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмысын күшейту, екпелердің өмір сүруін бақылау бойынша тапсырмаларды орындауға ерекше назар аударды.