Маңызды ақпарат

Маңызды ақпарат

«Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» ММ уылдырық шашуға байланысты 15 сәуір мен 30 мамыр аралығында балық ресурстары популяциясын сақтау және молықтыру мақсатында балық аулауға тыйым салынғанын хабарлайды:

- Облыстың дала, тұщы су айдындарында, Ертіс өзенінде жайылмалы су айдындарымен;

Қаныш Сатпаев атындағы арнаның бүкіл ұзындығы бойынша барлық су тораптарын қоса алғанда (бекітілген балық шаруашылығы учаскелерінде (су тораптары № 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 и 8) торта, табан, алабұға, мөңке, шортан аулауға арналған әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қоспағанда).

Осы кезеңде уылдырық шашатын жерлерде қозғалтқыштарыю бар қайықтармен, моторлы қайықтармен және басқа да жүзбелі құралдармен жүруге тыйым салынады.