"Таза өлке"

"Таза өлке"

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көшелерді тазарту, елді мекендердің аумақтарын көгалдандыру және абаттандыру жөніндегі науқанды бастауды тапсырды.

Облыстың жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы "Таза Қазақстан"республикалық акциясы шеңберінде экологиялық сенбілік өткізетін болады.

Сенбілік 2024 жылғы 13 сәуірде сағат 10.00-де Усолка шағын ауданында "Таза Өлке"атауымен өтеді.

Акцияның мақсаты: қоршаған ортаға бей-жай қарамайтын адамдарды біріктіру.

Экологиялық акция адамдардың табиғатқа жауапкершілікпен қарауын дамыту үшін жүйелі түрде өткізілетін болады.

Экологиялық сенбілікке қоғам белсенділері, қалалар мен аудандар әкімдіктерінің, мемлекеттік органдардың өкілдері және Павлодардың барлық тілек білдірген тұрғындары қатысады.

Қаланы бірге тазартып көгалдандырайық! Барлық жандарды акцияға қатысуға шақырамыз!