Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы Комитетінің «Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ-сі Павлодар облысындағы резервтік ащы-тұзды балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіту бойынша конкурс 2026 жылғы 14 шілдеде сағат 10.00-де (Астана уақыты бойынша) өтетінін хабарлайды.
Конкурс Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 22 қазандағы № 393 бұйрығымен бекітілген Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіту бойынша конкурс өткізу ережелеріне және байқауға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес өткізіледі.
Кәсіпшілік балық аулау үшін келесі ащы-тұзды балық шаруашылығы су айдындары ұсынылады:
1) Ақтоғай ауданындағы Улькенсор көлі. Бастапқы бағасы: 1 297 500 теңге, кепілдік жарнасы: 432 500 теңге;
2) Ақтоғай ауданындағы Актюбейсор көлі. Бастапқы бағасы: 1 297 500 теңге, кепілдік жарнасы: 432 500 теңге;
3) Ертіс ауданындағы Соленое көлі. Бастапқы бағасы: 1 297 500 теңге, кепілдік жарнасы: 432 500 теңге;
4) Железин ауданындағы Большой Коссор көлі. Бастапқы бағасы: 1 297 500 теңге, кепілдік жарнасы: 432 500 теңге;
5) Железин ауданындағы Малый Коссор көлі. Бастапқы бағасы: 1 297 500 теңге, кепілдік жарнасы: 432 500 теңге;
6) Тереңкөл ауданындағы Кызылагашсор көлі. Бастапқы бағасы: 1 297 500 теңге, кепілдік жарнасы: 432 500 теңге;
7) Тереңкөл ауданындағы Узынколь көлі. Бастапқы бағасы: 1 297 500 теңге, кепілдік жарнасы: 432 500 теңге;
8) Тереңкөл ауданындағы Кишкене-Коссор көлі. Бастапқы бағасы: 1 297 500 теңге, кепілдік жарнасы: 432 500 теңге;
9) Тереңкөл ауданындағы Машинсор көлі. Бастапқы бағасы: 1 297 500 теңге, кепілдік жарнасы: 432 500 теңге;
10) Май ауданындағы Жамантуз көлі. Бастапқы бағасы: 1 297 500 теңге, кепілдік жарнасы: 432 500 теңге.
Байқауға ұсынылған ащы-тұзды балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері 10 жыл мерзімге кәсіпшілік балық аулауға арналған.
Конкурсқа қатысу үшін әлеуетті қатысушылар веб-порталда мыналарды көрсете отырып, алдын ала тіркеледі:
1) жеке тұлғалар үшін:
жеке сәйкестендіру нөмірі, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі;
байланыс деректері (тіркеу мекенжайы, телефоны, факсы, электрондық мекенжайы);
2) заңды тұлғалар үшін:
бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның толық атауы, бірінші басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі;
байланыс деректері (тіркеу мекенжайы, телефоны, факс, электрондық мекенжайы);
3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері.
Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы өтінімді тіркегенге дейін веб-порталға енгізілген деректерді өзгертеді.
Кепілдік жарнаны қатысушы не қатысушының атынан кез келген жеке немесе заңды тұлға конкурс өткізу туралы хабарламада көрсетілген мөлшерде және мерзімдерде бірыңғай оператордың шотына енгізеді.
Ащы-тұзды балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:
1) алынған құжаттарды қарау күніне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, салық берешегінің және әлеуметтік төлемдер бойынша берешектің болмауы;
2) аумақтық бөлімшелерден (бұрын балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бекітіліп берілген жеке немесе заңды тұлғалар үшін) алынатын балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарларына сәйкес қаржылық және басқа да міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтер (электрондық көшірме);
3) өтініш берушіде Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша меншік құқығындағы артемия цисталарын тереңдете өңдеу жөніндегі технологиялар мен өндірістік қуаттардың болуы немесе болмауы туралы комиссияның қорытындысымен расталған, осы бұйрықпен бекітілетін балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіту жөніндегі конкурсты өткізу балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган құрған көшпелі комиссияның қорытындысымен расталған меншік құқығындағы асшаяндардың кисталарын терең өңдеу жөніндегі қолданыстағы лимиттің жалпы көлемінен аспайтын технологиялары мен өндірістік қуаттарының болуы.