Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы Комитетінің «Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ-сі Павлодар облысында резервтік балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіту бойынша конкурс 2026 жылғы 2 шілдеде сағат 10.00-де (Астана уақыты бойынша) өтетінін хабарлайды.
Конкурс Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 22 қазандағы № 393 бұйрығымен бекітілген Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіту бойынша конкурс өткізу ережелеріне және байқауға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес өткізіледі.
Кәсіпшілік балық аулау үшін келесі балық шаруашылығы су айдындары ұсынылады:
1) Ақтоғай ауданындағы Бакланское көлі. Бастапқы бағасы: 432 500 теңге, кепілдік жарнасы: 432 500 теңге;
2) Аққулы ауданындағы Оделькан тармағы. Бастапқы бағасы: 432 500 теңге, кепілдік жарнасы: 432 500 теңге;
3) Ақтоғай ауданындағы Таволжанка көлі. Бастапқы бағасы: 432 500 теңге, кепілдік жарнасы: 432 500 теңге.
Келесі балық шаруашылығы су айдындары әуесқойлық (спорттық) балық аулау үшін ұсынылады:
1) Ақсу қаласындағы Кургуль көлі. Бастапқы бағасы: 1 297 500 теңге, кепілдік жарнасы: 432 500 теңге;
2) Ақтоғай ауданындағы Щучье көлі. Бастапқы бағасы: 1 297 500 теңге, кепілдік жарнасы: 432 500 теңге;
3) Железин ауданындағы Башмачное көлі. Бастапқы бағасы: 432 500 теңге, кепілдік жарнасы: 432 500 теңге.
Байқауға ұсынылған балық шаруашылығы су айдындары және/немесе аумақтары 10 жыл мерзімге кәсіптік және әуесқойлық (спорттық) балық аулауға арналған.
Конкурсқа қатысу үшін әлеуетті қатысушылар веб-порталда мыналарды көрсете отырып, алдын ала тіркеледі:
1) жеке тұлғалар үшін:
жеке сәйкестендіру нөмірі, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі;
байланыс деректері (тіркеу мекенжайы, телефоны, факсы, электрондық мекенжайы);
2) заңды тұлғалар үшін:
бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның толық атауы, бірінші басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі;
байланыс деректері (тіркеу мекенжайы, телефоны, факс, электрондық мекенжайы);
3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері.
Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы өтінімді тіркегенге дейін веб-порталға енгізілген деректерді өзгертеді.
Кепілдік жарнаны қатысушы не қатысушының атынан кез келген жеке немесе заңды тұлға конкурс өткізу туралы хабарламада көрсетілген мөлшерде және мерзімдерде бірыңғай оператордың шотына енгізеді.
Балық шаруашылығын жүргізу үшін балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:
кәсіпшілік балық аулауды және (немесе) әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыру мақсатында балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:
1) алынған құжаттарды қарау күніне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, салық берешегінің және әлеуметтік төлемдер бойынша берешектің болмауы;
2) "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 29) тармақшасына сәйкес балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган бекітетін Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 4-қосымшаға сәйкес балық ресурстарын және басқа да су жануарларын өндіру және қайта өңдеу жөніндегі негізгі құралдардың, технологиялық жабдықтың және басқа да материалдық-техникалық құралдардың болуы туралы анықтама* (әуесқойлық (спорттық) балық аулауға арналған балық шаруашылығы су айдындарын қоспағанда);
3) аумақтық бөлімшелерден (бұрын балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бекітіліп берілген конкурсқа қатысушылар үшін) алынатын балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарларына сәйкес қаржылық және басқа да міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтер (электрондық көшірме).