Павлодар облысында Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні атап өтілуде

Павлодар облысында Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні атап өтілуде

Павлодар облысында Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне (5 маусым) орай іс-шаралар өткізілуде.

2 маусым және 5 маусым күндері республикалық «Эколог сағаты» акциясы өткізілді. Акция аясында қоғамдық орындар мен саябақтарда халықтың кеңінен қатысуымен тақырыптық көрмелер, шеберлік сабақтары, дәрістер мен викториналар ұйымдастырылды.

2 маусым күні Қалалық демалыс бағында «ЭкоФест — болашақ бүгіннен басталады» экологиялық фестивалі өтті. Іс-шараны Павлодар облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Білім» білім және мәдениетті дамыту қоры» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Фестивальдің серіктестері Павлодар облыстық мәслихаты, «AMANAT» партиясы және Павлодар облысының Экология департаменті болды.

Фестивальдің ашылу салтанатында өңірдің қоршаған ортасы мен экология мәселелерін шешуге елеулі үлес қосып жүрген мамандар Алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар «Таза болса табиғат – аман болар адамзат» облыстық байқауының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге I, II, III дәрежелі дипломдар, бағалы сыйлықтар және арнайы номинациялар бойынша марапаттар табысталды.

Фестиваль аясында тұрғындар мен қала қонақтары үшін түрлі тақырыптық алаңдар ұйымдастырылды. Қатысушылар «Эко-челлендж: 1 күн пайдалы әдеттер» шеберлік сағатына қатысып, қалдықтарды бөлек жинау қағидаларымен танысты, ашық аспан астында сурет салды және «ЭкоIQ: табиғат туралы біліміңді тексер» экологиялық зияткерлік ойынына қатысты.

Іс-шара барысында «Қызыл Жарты Ай» ұйымының мамандары алғашқы медициналық көмек көрсетудің негізгі дағдылары мен төтенше жағдайларда әрекет ету тәсілдерін таныстырды. Ал «Ертіс орманы» мекемесінің өкілдері өз қызметтері туралы ақпарат беріп, орман қорын сақтау бағытындағы жұмыстарымен бөлісті және қатысушыларды шипалы фито-шаймен сыйлады.

Фестивальдің жеке бағыты ретінде жергілікті кәсіпкерлер, өндірушілер мен қолөнершілер қатысқан экологиялық таза өнімдер көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Қонақтар отандық өнімдермен танысып, экологиялық қауіпсіз тауарларды сатып алу мүмкіндігіне ие болды.

Мерекелік бағдарламаны Қалалық демалыс бағының шығармашылық ұжымдары дайындаған концерттік нөмірлер толықтырды.

Фестиваль соңында қатысушылар ашық аспан астында палаудан дәм татып, кейін аумақты тазалау бойынша экологиялық акцияға қатысты. Осылайша олар табиғатты қорғау әр адамның жеке жауапкершілігінен басталатынын іс жүзінде көрсетті.

https://www.instagram.com/reel/DZHtd-PIWFF/?igsh=ajJqaGxtMXo4c3pw

https://www.instagram.com/p/DZMnBsZig6V/?igsh=MTBxbWtpNTJhZGR4cA==

https://www.instagram.com/reel/DZHzEg_NBaW/?igsh=NjZ4OHhwbmU2dTFn

https://www.instagram.com/reel/DZHjYv3sHcl/?igsh=OWExanZucjUyODc0

https://www.instagram.com/reel/DZHjYv3sHcl/?igsh=OWExanZucjUyODc0

5 маусым күні, Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Павлодар қаласында белсенді жастарды, еріктілерді және экология мәселесіне бейжай қарамайтын қала тұрғындарын біріктірген «Taza Vibe» экологиялық іс-шарасы өтті.

Іс-шара қатысушылары уақыттарын пайдалы өткізіп қана қоймай, қоршаған ортаға ұқыпты қараудың маңыздылығын тағы бір мәрте еске салды. Бағдарлама аясында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғатқа жауапкершілікпен қарауға бағытталған экологиялық белсенділіктер, интерактивті алаңдар, танымдық тапсырмалар мен тақырыптық акциялар ұйымдастырылып, сондай-ақ жағалау аумағын тазарту жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында бейнероликтер мен фотобайқаудың жеңімпаздары мен қатысушылары марапатталды. Марапаттау рәсімін басқарма басшысы Сағын Төлеутаев өткізді. Барлық қатысушыларға естелік имидждік сыйлықтар табысталды.

Қоршаған ортаға қамқорлық әрқайсымыздан басталады. Туған жеріміздің тазалығы мен көркемдігін сақтау жолындағы үлкен іс күнделікті жасалатын шағын игі әрекеттерден құралады.

Іс-шаралар бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде кеңінен анонсталып, жария етілді:

https://www.instagram.com/reel/DZMylC-I2hz/?igsh=OTlocXZibnUzdXBq

https://www.instagram.com/p/DZJ4UqnNJUq/?igsh=YXFkZzYxNWs0a3Zu

https://www.instagram.com/reel/DZMlUTiI5Lv/?igsh=aHVydXJ4b2c4Mm00

https://www.instagram.com/reel/DZMy9jpsfdk/?igsh=Ynl0dGFrNTNxa3N3