
Павлодар облысының Жер қойнауын пайдалану басқармасы мүдделі тұлғалардың назарына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 25 тамыздағы № 258 «Балық шаруашылығын жүргізу үшін конкурсқа шығарылатын резервтік балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін қалыптастыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» бұйрығы негізінде «Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ конкурс өткізілетінін хабарлайды.
Конкурс 2026 жылы Павлодар облысы аумағында балық шаруашылығын жүргізу үшін резервтік балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіту бойынша өткізіледі. Конкурс e-Qazyna интернет-порталында өткізілетін болады.
Мүдделі тұлғалар су айдындарының тізбесімен және конкурсқа қатысу шарттарымен «Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ-нің ресми интернет-ресурстарында, сондай-ақ Instagram әлеуметтік желісіндегі zemb_inspekcia.rh парақшасында таныса алады.
Конкурсты өткізу мерзімдері, қатысу шарттары, өтінімдерді беру тәртібі және конкурстық құжаттамаға қатысты барлық сұрақтар бойынша «Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ-не келесі телефондар арқылы хабарласуға болады: 8 (7182) 61-08-99, 8 (7182) 61-08-84.