2025 жылғы «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» ММ-де мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөніндегі есебі

2025 жылғы «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» ММ-де мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөніндегі есебі

Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасымен (ары қарай - Басқарма) 13 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

«Е-лицензиялау» жүйесінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер:

«II санаттағы объектілер үшін әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты беру»;

«Жергілікті атқарушы органдар іске асыратын мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру»;

«Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру»;

«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепілін тіркеу»;

«Кен іздеушілікке арналған лицензияны беру»;

«Ағаш кесу және орман билетін беру»;

«Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқтығы немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру».

«Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру»

«Кезекте-балықшы» жүйесінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер:

«Аквашаруашылықтың өнімділігі мен өнімінің сапасын арттыру, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамыту»;

«Балық шаруашылық саласындағы инвестициялық салымдар кезінде шығыстардың бір бөлігін өтеу»;

«Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдылары плантацияларын отырғызуға және өсіруге, жеке орман питомниктерін құруға және дамытуға арналған шығыстарды өтеу».

БЖҚПП «Minerals.gov.kz» жүйесінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер:

«Жер қойнауын пайдалану құқығының және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы».

«Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия беру».

«Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік қызметі ормандар мен жануарлар әлемін қорғауға арналған Павлодар, Үрлітүп және Максимо-Горький бағынысты мекемелерімен   көрсетіледі.

2025 жылы жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласында басқарма 962 мемлекеттік қызмет көрсетті. Барлық қызметтер электрондық нысанда, көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде негізсіз бас тарту жағдайлары жоқ. Белгіленген мерзімдерді бұза отырып мемлекеттік қызметтер көрсету жағдайлары болған жоқ. Көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар түскен жоқ.

2025 жылы басқарманың бір қызметкері біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат заңнамаға сілтеме жасай отырып, мемлекеттік органның және ведомстволық бағынысты ұйымдардың интернет-ресурсында орналастырылған.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына сәйкес басқарма жоспарлы бақылау іс-шараларын жүргізеді.

Ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі ведомстволық бағынысты коммуналдық мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөніндегі бақылау іс-шараларының жоспарын іске асыру мақсатында: оны көрсетудің сапасы мен уақтылығы бойынша тексеру жүргізіледі. 2025 жылғы маусымда бақылау іс-шараларының жоспары бойынша «Павлодар орман және жануарлар әлемін қорғау мекемесі» КММ бақылау тексеріс, 2025 жылғы тамызда - «Үрлітүп орман және жануарлар әлемін қорғау мекемесі» КММ, 2025 жылғы қарашада - «Максим Горький орман және жануарлар әлемін қорғау мекемесі» КММ бақылау тексеріс жүргізілді. 2025 жылы ішкі үш тексерудің қорытындысы бойынша осы қызметті көрсету бұзушылықтар анықталған жоқ.

Басқарма және ведомстволық бағынысты ұйымдар әлеуметтік желілер, БАҚ аркылы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі басқарманың тұрақты бақылауында.

2025 жылы Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы көрсеткен мемлекеттік қызметтер туралы ақпараты

Мемлекеттік қызметінің атауы

1 т

2 т

3 т

4 т

барлығы

1

«II санаттағы объектілер үшін әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты беру»

12

18

17

20

67

2

«Жергілікті атқарушы органдар іске асыратын мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру»

38

33

24

42

137

3

«Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру»

12

57

261

108

438

4

Орман билетін беру

-

10

44

-

54

 

Ағаш кесу билетін беру

-

-

-

-

-

5

«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепілін тіркеу»

-

-

-

-

-

6

«Кен іздеушілікке арналған лицензияны беру»

 

-

-

-

-

-

7

«Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқтығы немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру»

 

-

13

8

5

26

8

«Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру»

-

-

-

-

-

9

«Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдылары плантацияларын отырғызуға және өсіруге, жеке орман питомниктерін құруға және дамытуға арналған шығыстарды өтеу»

 

-

-

-

-

-

10

«Аквашаруашылықтың өнімділігі мен өнімінің сапасын арттыру, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамыту»

 

-

-

7

15

22

11

«Балық шаруашылық саласындағы инвестициялық салымдар кезінде шығыстардың бір бөлігін өтеу»

 

-

-

-

-

-

12

«Жер қойнауын пайдалану құқығының және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы»

-

-

-

-

-

13

«Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия беру»

-

-

-

-

-

 

Мемлекеттік қызметтері

62

131

361

190

744

 

Дәлелді бас тарту

37

56

69

56

218

 

Барлығы:

99

187

430

246

962