2025 жылғы есеп бойынша

2025 жылғы есеп бойынша

«Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» ММ сіздерді мыналар туралы хабардар етеді.

I және II санаттағы объектілердің операторлары Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экологиялық кодекстің (бұдан әрі - Кодекс) 182 баптың 1 т. сәйкес – Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар Министрінің 2021 жылғы 14 шілдедегі № 250 «I және II санаттағы объектілерді өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын әзірлеу, ішкі есепке алуды жүргізу, кезеңдік есептерді қалыптастыру және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептер өндірістік экологиялық бақылауды жүзеге асыруға және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға мерзімді есептер беруге міндетті (Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар Министрінің м. а. 2025 жылғы 6 наурыздағы № 55 бұйрығымен бекітілген өзгерістермен).

Іс-шаралар жоспары бойынша қоршаған ортаны қорғау жөніндегі есеп Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар Министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 9 тамыздағы № 319 «Экологиялық рұқсаттарды беру, қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны ұсыну, сондай-ақ қоршаған ортаға әсер етуге арналған экологиялық рұқсат бланкілерінің нысандарын және оларды толтыру тәртібін бекіту туралы» бұйрығының 97-тармағына сәйкес (Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар Министрінің 2025 жылғы 25 сәуірдегі № 106 бұйрығымен енгізілген өзгерістерді ескере отырып) экологиялық рұқсат берген мемлекеттік органға жыл сайын екінші айдың бірінші күніне дейін ұсынылады.