Хабарландыру

Хабарландыру

Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану басқармасы мүдделі тұлғалардың назарына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 25 тамыздағы № 258 «Балық шаруашылығын жүргізу үшін конкурсқа шығарылатын резервтік балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін қалыптастыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, «Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ 2026 жылдың көктемінде, екінші тоқсанның басында конкурс өткізуді жоспарлап отырғанын хабарлайды.

Конкурс Павлодар облысының аумағында балық шаруашылығын жүргізу үшін резервтік балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіту бойынша өткізіледі. Конкурс e-Qazyna интернет-порталы арқылы өткізілетін болады.

Мүдделі тұлғалар су айдындарының тізбесімен және конкурсқа қатысу шарттарымен «Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ-нің ресми интернет-ресурстарында, сондай-ақ Instagram әлеуметтік желісіндегі zemb_inspekcia.rh парақшасында таныса алады.

Конкурсты өткізу мерзімдері, қатысу шарттары, өтінімдерді беру тәртібі және конкурстық құжаттама бойынша барлық сұрақтармен «Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ-не 8 (7182) 61-08-99, 8 (7182) 61-08-84 телефондары арқылы хабарласу қажет.