Арбаиген ауылында жаңа медициналық пункттің ашылуы

Арбаиген ауылында жаңа медициналық пункттің ашылуы

Арбаиген ауылында жаңа медициналық пункттің ашылуы ауыл тұрғындары үшін куанышты оқиға болды. Медициналық пункт Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында, сондай-ақ «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру негізінде салынды. Шағын ауылдағы жаңа медициналық мекеме ауыл медицинасын дамыту және ауылдағы өмір сапасын жақсарту үшін маңызды қадам болды.
Сондай-ақ, Арбаиген ауылында облыс әкімі Асайын Қуандықұлының @asaiyn.baikhan қолдауымен жаңа шағын футбол алаңы мен ауылға кіреберіс жол салынды.

Арбаиген ауылындағы медициналық пункттің ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Дәурен Қаленұлы Жамбайбек қатысты. Арбаиген ауылының тұрғындарын жаңа медициналық пункттің ашылуымен құттықтаймын. Бұл нысан сіздерге көптеген жылдар бойы қызмет етіп, әр тұрғынның денсаулығы мен әл-ауқатын қамтамасыз етсін.

Медициналық пункт физиотерапиялық аппараттарды қоса алғанда, барлық қажетті медициналық жабдықтармен жабдықталған . Осындай медициналық нысан адамдарға білікті және уақтылы көмек көрсетеді.
⬇️