Шарбақты ауданында ойынға тәуелділіктің алдын алу

Шарбақты ауданында ойынға тәуелділіктің алдын алу

2024 жылғы 5 желтоқсанда Шарбақты ауданы әкімінің аппаратында аппарат отырысы өтті, онда қойылған сұрақтардың бірі «Облыс аумағында қаржы пирамидаларын жою және ойынға тәуелділіктің таралуына жол бермеу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы» болды. Бұл жиынға ауылдық округ әкімдері, бөлім, аумақтық басқарма басшылары қатысты.

Әдеп жөніндегі уәкіл Гүлнар Ескенқызы Жәкішева көмекке жүгінген адамдар саны туралы статистикалық мәліметтермен таныстырып, бақылауды күшейтуді талап ететін онлайн-казинолардың танымалдылығының артып келе жатқанын атап өтті.

Кездесу барысында ойынға тәуелділіктің себептері мен салдары, оның кәсіби қызметке әсері және ұжымдағы моральдық ахуал талқыланды.

Ақпараттық науқандарды ұйымдастыру, тренингтер өткізу және құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алуға бағытталған корпоративтік саясатты әзірлеуді қамтитын алдын алу шаралары қаралды. Сөз соңында осы тақырыпқа арналған бейне ролик көрсетілді.

Кездесу нәтижесінде ойынға тәуелділіктің алдын алу бойынша ақпараттық іс-шаралар мен психологиялық қолдауды қамтитын нақты іс-шаралар жоспары әзірленді.