ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ

28 Ақпанда Калыбаева Бахтылы Қайырбекқызының төрағалығымен ауданның қоғамдық кеңесінің отырысы өтті, онда Шарбақты ауданының әкімі Сержан Ерғалымұлы Иманкулов «Шарбақты ауданының 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2024 жылға арналған міндеттері туралы» баяндама жасады, аудандық мәслихат төрағасы Гүлмира Қаратайқызы Смаилханова және ауданның қоғамдық кеңесінің төрағасы Калыбаева Бахтылы Қайырбекқызы қосымша баяндама жасады.

Отырыс жұмысына аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасары Р. А. Негманова қатысты.

Аудан әкімі өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, 2024 жылға арналған жоспарлар туралы егжей-тегжейлі тоқталды. Сонымен, ол 2024 жылға барлығы 47 жоба жоспарланғанын атап өтті. Олардың ішінде ең үлкені: Шегірен ЖОББМ күрделі жөндеу, Шегірен АМҮ күрделі жөндеу.

Аудандағы кірме және кентішілік жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ауданда халықтың әл-ауқатын арттыру бойынша үлкен жоспарлар құрылған. Бұл жобада Арбиген ауылында медициналық пункт салу, Шалдай ауылында ДСК салу, аудан ауылдарында шағын футбол алаңдарын орнату бар.

Аудан орталығын, Шарбақты ауылын абаттандыру бойынша жобада-Даңқ аллеясын ағымдағы жөндеу, Жеңіс алаңын ағымдағы жөндеу.

Сондай-ақ, ағымдағы жылға арналған басқа да көптеген перспективалы жобаларға тоқталды.

Бұдан әрі аудан әкімі ауданның қоғамдық кеңесі мүшелерінің және аудандық мәслихат депутаттарының сұрақтарына жауап берді.

Николай Степанович Найманов өзінің ауылдастары-Шегірен округінде кеңес заманынан бері округте күрделі электр желілері жаңартылмаған немесе жөнделмеген, тек тіректер ғана емес, сымдар да тозған деген пікірін білдірді. Қолайсыз ауа-райы кезінде электр қуаты жиі бұзылады. Бұл сұраққа аудан әкімі осы мәселе бойынша РЭҚ басшысымен әңгіме болғанын, бүкіл аудан бойынша электр желілерін кезең-кезеңімен жаңғырту бойынша шаралар қабылданатынын айтты. Сондай-ақ, Н.С. Наймановқа мердігерге медициналық пунктті жөндеу кезіндегі немқұрайлылығы үшін сындарлы ескертулер жасағаны үшін,  азаматтық белсенділігі үшін алғысын білдірді.

Санат Жұмагелдіұлы Астаев Шарбақты стадионы бойынша сұрақ қойды, құрылыс қашан аяқталып, оны толық пайдалану қашан басталады, атап айтқанда, арнайы жолдар қашан дайын болады? Бұл сұраққа Сержан Ерғалымұлы егжей-тегжейлі жауап беріп, бұл мәселе бойынша жұмыс басталатынына, конкурс жарияланатынына сендірді.

Лямцев Виктор Григорьевич ағымдағы жылы Шарбақты су қоймасын тазарту және балықтандыру бойынша жұмыстары жүргізіле ме деп сұрады?

Сондай-ақ тоған шаруашылығын құруды ұсынды. Аудан әкімі бұл мәселені қарауға және бақылауға алды.

Калыбаева Бахтылы Қайырбекқызы Алға ауылында санитарлық тазалау, көгалдандыру жұмыстарын жүргізу, мүмкіндігінше басқа өңірлерден келетін туристер үшін қонақ үй құрылысын жобалау туралы ұсыныс жасады, себебі қазіргі уақытта Маралды көлінің маңындағы ауыл абаттандыру жағынан өте төмен жағдайда.

Бұл ұсынысты аудан әкімі қарауға алды , сондай-ақ ол биылғы жобада туризм дамитын Жылы-Бұлақ және Садық-Ащы ауылдарының санитарлық тазалау бар екенін хабарлады.

Ауданның қоғамдық кеңес мүшелері Сидоренко Людмила Ильинична мен Найманов Николай Степанович аудан әкіміне ауданда қар шығару және су тасқыны кезеңіндегі дайындық жұмыстары үшін алғыс білдірді.

Қосымша баяндамашыларға сұрақтар қойылған жоқ. Барлық үш баяндама назарға алынды. Көтерілген мәселелер орындауға және бақылауға алынды.

Отырыста тағы екі мәселе қаралды: «Шарбақты ауданы Александровка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де және «Шарбақты ауданы Орловка  ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де осы мәселеге жетекшілік ететін осы округтердің бас мамандары есеп берді. Бұл мәселе егжей-тегжейлі қаралды, ол бойынша Қоғамдық кеңестің ұсынымдары қабылданды.

Сондай-ақ, ауданның қоғамдық кеңесінің мүшелері ауданның қоғамдық кеңесінің 2024 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасын қарады. Бір апта ішінде жоба пысықталып, түпкілікті қабылданады.

Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралды.

 

Ауданның қоғамдық кеңесінің хатшысы                      К.Кокина.