Түрлендірулердің басталуы

Түрлендірулердің басталуы

🔹Жаңа жыл қарсаңында Шегірен ауылында күрделі жөндеуден кейін ауыл тұрғындары көптен күткен медициналық пункт есігін айқара ашты. Бірақ бұл елді мекенде ауқымды өзгерістердің бастамасы ғана.

Облыс әкімі А. Байхановтың @asaiyn.baikhan тапсырмасы бойынша ауылдың инфрақұрылымы кешенді түрде дамитын болады: мектепті, мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткіземіз, спортшылардың өтініші бойынша күрес залында күреспен айналысуға жағдай жасаймыз, салынып жатқан мешітті орталық жылытуға қосамыз, кент ішіндегі 3 жолды, кірме жолды жөндейміз, ауылдағы көше жарықтандыру шамдарының санын көбейтеміз. Демеушілік қаражат есебінен заманауи ойын алаңын орнатамыз.