Биыл қызылшамен ауыру, әсіресе, 5 жасқа дейінгі балалар арасында күрт өскені байқалады. Көбінесе вакцина алмаған адамдар ауырады. Ал екпе алғандардың ішінде толық екпе курсымен егілмегендер ауырып қалды. Толық курс 2 вакцинациядан тұрады: 1 жаста және 6 жаста.
Қызылша - ауыр асқынуларға, науқастың мүгедектігіне, кейде науқастың өліміне әкелетін ауыр жұқпалы ауру. Сонымен қатар, қызылша өте жұқпалы ауру болып табылады. Инфекция көп қабатты үйлердің желдету каналдары арқылы берілуі мүмкін.
Қызылшаны емдеуге арналған арнайы препараттар жоқ. Қызылшадан қорғанудың жалғыз әдісі - вакцинация.
Инфекцияны жеңген дұрыс, содан кейін табиғи иммунитет дамиды деген пікір бар. Бұл мүлдем дұрыс емес!
Кез келген инфекция баланың иммунитетіне күшті соққы болып табылады, ол қалпына келмеуі мүмкін.
Құрметті ата-аналар! Баланың денсаулығы мен өміріне қауіп төндірудің қажеті жоқ!
Екпе облыстағы барлық емханаларда учаскелік дәрігер тексергеннен кейін ғана жүргізіледі.