Ауданға жұмыс сапарымен облыс әкімінің орынбасары Мейрам Олжабайұлы Өтешев келді.

Ауданға жұмыс сапарымен облыс әкімінің орынбасары Мейрам Олжабайұлы Өтешев келді.
Мейрам Олжабайұлы биыл «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы бойынша жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандардың барлығын аралады. Ауданда мұндай нысандар өте көп – бұл Галкино ауылындағы дене – шынықтыру сауықтандыру кешенінің құрылысы (екі жылдық жоба, биыл бастап, келесі жылы аяқтаймыз). Маралды ауылындағы көшені асфальттау (мердігер «ИНЭК» ЖШС осы айдың соңына дейін аяқтайды), Галкино ауылы – 7,4 км және Сосновка ауылы – 5,7 км көше асфальттау жұмыстары аяқталды, Галкино және Сосновка ауылдарындағы мәдениет үйлері мен мектептеріндегі күрделі жөндеу жұмыстары осы айдың соңына дейін аяқталады. «Царская Каша» жарма өңдеу зауытында болды. Мейрам Олжабайұлы «Победа» ЖШС, «Кривов» ШҚ егістік аландарын аралады, «Шарбақты бидай терминалы» ЖШС инвестициялық жобасын, «Карабаев» ЖК әлеуметтік дүкенің және «Шығыс жолдары» ЖШС-нің карьерін аралады. Облыс әкімінің орынбасары барлық нысандардағы жөндеу жұмыстарының жақсы қарқынын атап өтті. Барлық ескертулер мен ұсыныстар ескеріледі.