«Kaisar-KZ» ҚБ «Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» ММ-ның қолдауымен Шарбақты ауданында тұрғындардың электоралдық белсенділігін арттыруға бағытталған оқыту семинар – тренингін өткізді.

Оқыту семинарының мақсаты-сайлауға заңды және әділ сипат беру, олардың нәтижелеріне және тиісінше сайланбалы органдар мен лауазымды тұлғаларға деген сенімді арттыру мақсатында сайлаушылардың, сайлауды ұйымдастырушылардың, сайлау процесінің барлық қатысушыларының сайлау мәдениетінің деңгейін арттыру. Семинар тыңдаушылары электоралдық белсенділікті қалыптастыру мен арттырудың формалары мен әдістерімен танысты.