Хабарландыру

Хабарландыру

Ағымдағы жылы кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде Шарбақты ауданының жұмыссыз азаматтары қатарынан қысқа мерзімді оқуға қабылдау жүргізілуде. Оқу ұзақтығы 3 ай, білім алушыларға мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады: стипендия, жол жүруге, тұруға және медициналық тексеруден өтуге материалдық көмек.

Оқыту "Шарбақты аграрлық-техникалық колледжінде" КМҚК ауылшаруашылық өндірісінің тракторшы-машинисі мамандығы бойынша жүргізіледі.

Оқудан өтуге ниет білдірушілерді (алдын ала) Шарбақты ауылы, В. Чайко көшесі, 39 мекенжайында орналасқан «Павлодар облысы Шарбақты ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-не 21721 телефоны бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз.