Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасында шаруаларға субсидиялар бөлу сұрақтары талқыланды

Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасында шаруаларға субсидиялар бөлу сұрақтары талқыланды


«Атамекен» Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының Павлодар аудандық филиалында "Достық" шаруа қожалығының басшысы, аудандық кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі Байдалинова Сәния Асқарқызымен кездесу өтті.
Күн тәртібіне агрошаруашылық кешенді субсидиялаудың мемлекеттік жүйесінде ұсынылып отырған жаңа тәселдемелер сұрағы қойылды.
Сәния Байдалинова «Атамекен» ӨКП аудандық филиал жетекшісі болып тағайындалған Рахат Тұрлыбайды жаңа қызметімен құттықтады.
«Кәсіпкерлермен және ауыл шаруашылық тауарлардың өндірушілерімен ұйымдастырылатын бұндай кездесулер қарапайым адами байланыс, қолдау және пайда болған мәселелерді шешу жолында өте маңызды», - дейді Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Сәдуақасов.
#Павлодароблысыкәсіпкерлерпалатасы #РПППавлодар #seriksadvakasov #РегСоветПавлодар