Ерекше қажеттілігі бар азаматтар арбаға, протезге және гигиеналық құралдарға онлайн тапсырыс бере алады.

Ерекше қажеттілігі бар азаматтар арбаға, протезге және гигиеналық құралдарға онлайн тапсырыс бере алады.

Egov.kz порталында өтініш беру үшін:

  1. қызметті таңдайсыз;
  2. оңалтуға арналған техникалық құралдарын және қызмет берушіні көрсетесіз;
  3. ЭЦҚ немесе бір реттік құпия сөз арқылы қол қою қажет.

Тапсырыс толық орындалғанға дейін өтініштің жауабын порталда бақылауға болады. Тіпті курьер арқылы үйге жеткізу сервисі де бар.

Айта кетейік, бұған дейін клиенттер әлеуметтік көмек алу үшін жұмыспен қамту мен әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өзі барып қызмет алатын.

Қазір ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған 20-дан астам мемлекеттік қызмет онлайн режимінде қолжетімді.

______________________