Павлодарлық «Атамекен» ӨКП жанындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңесте жарық және жылу үшін құрылыс компанияларынан алдын ала төлем талап ету сұрағы қарастырылды

Павлодарлық «Атамекен» ӨКП жанындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңесте жарық және жылу үшін құрылыс компанияларынан алдын ала төлем талап ету сұрағы қарастырылды

Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік кеңестің отырысы өтті.
Көтерілген мәселелердің бірі – «ҚР Құрылысшылары одағы» республикалық заңды тұлғалар бірлестігінің монополистердің электр және жылу энергиясын беру үшін алдын ала төлем жасауға қатысты талаптарымен келіспеуі.
Бұған дейін Құрылысшылар одағы Палатаға монополистердің осындай талаптарына шағымданып, хабарласқан болатын.
«Павлодар қаласының «Достық» шағын ауданында көппәтерлі тұрғын үйлерді тұрғызып жатқан құрылыс компаниялары монополистермен электр және жылу энергиясын беру туралы шарттарды жасасуда. Бұл ретте, электр және жылу энергиясымен қамтамасыз ететін ұйымдар құрылысы жүргізіліп жатқан үйлерден әлі тұтынбаған энергияның алдын ала төлемін талап етуде», - дейді Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Сәдуақасов.
Құрылыс компаниялары электр және жылу энергиясымен қамтамасыз ететін ұйымдардың талаптарымен келіспейтінін жеткізеді.
Сол себепті де, бұл сұрақ Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасы жанындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік кеңестің күн тәртібіне шығарылды.
#Павлодароблысыкәсіпкерлерпалатасы #РПППавлодар #seriksadvakasov #РегСоветПавлодар