«Атамекен» ӨКП жанынан Павлодар облысы мектептерінің оқушылары мен колледждер студенттері жас кәсіпкерлер – Мақсат Адаммен, Әлия Кәрімовамен және Кәсіпкерлер палатасының бизнес-жаттықтырушысы, колледждерде кәсіпкерлік негіздері мен мектептерде кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәндерінен дәріс беретін оқытушы Гүлмира Баяндинамен жүздесті.
Аталмыш кездесу ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарына арналған «Кәсіпкерлік қызметінің негіздері» курсы оқытушысының кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» бағдарламасы бойынша білім беру ұйымдары мен біліктілікті арттыру курстарында кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәні бойынша педагогикалық кадрларды қайта даярлау курстарының білім беру бағдарламалары аясында ұйымдастырылды.
Дәріс жұмысын Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы адами капиталды дамыту бөлімінің бірінші санаттағы сарапшысы Әлия Түсіпбекова өткізді.
«Мақсат Адам – «Кипятком Павлодар» фотопорталының басшысы болса, Әлия Кәрімова түрлі тәттілерді әзірлеу саласында қызмет етеді», - дейді Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Сәдуақасов.
Олар өздерінің бизнестерін қалай бастағандары жайлы өте қызықты түрде әңгімелеп берді.
Мектептер мен колледждер білім алушылары спикерлерді тыңдап, шара соңынан өздерінің сұрақтарына толыққанды жауап алды.
Гүлмира Баяндина Қазақстан жастарының түрлі мемлекеттік бағдарламалар бойынша өз бизнесін ашудың маңыздылығы, мамандықты таңдау бостандығы және өз ісінің жауаптылығы жайында сөз қозғады.
Айта кетерлігі, мазмұнды да қызықты өткен аталмыш дәріске 180-ге жуық оқушы белсене қатысты.
#Павлодароблысыкәсіпкерлерпалатасы #РПППавлодар #seriksadvakasov #РегСоветПавлодар