Өмірімізді түбегейлі өзгертер маңызды шешімдерді қабылдауға тура келетін кездер болады.

Өмірімізді түбегейлі өзгертер маңызды шешімдерді қабылдауға тура келетін кездер болады.

Осындай шешімдердің бірі – басқа елге тұрақты тұруға көшу. Егер тұрақты тұру орнын өзгертем десеңіз арнайы құжаттарды рәсімдеу қажет. Мұны ХҚО-ға жүгіну арқылы жасауға болады. Ол үшін келесі құжаттарды ұсыну керек:

* өтініш-сауалнама

* * жеке куәлік және паспорт, 16 жасқа дейінгі балалардың туу туралы куәлігі

* егер Қазақстан аумағында заңды түрде асырауыңыз міндетті отбасы мүшелері қалатын болса, алимент төлеу туралы келісім

* көшу туралы шешім қабылдаған кезде он жасқа толмаған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншылық мекемесінің қорытындысы

* егер ата-ананың бірі 18 жасқа толмаған баламен тұрақты тұруға көшсе, екінші ата-ананың нотариалды келісімі

* мемлекеттік бажды төлеу туралы чек

Қызмет көрсету мерзімі – 20 жұмыс күні, құны – 1 АЕК

Қадамдарыңызды ой таразысына салып, дұрыс шешім қабылдаңыз!