2021 жылы 25 шілдеде Шарбақты ауданы ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауы үш ауылдық округінде өтті.

2021 жылы 25 шілдеде Шарбақты ауданы ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауы   үш ауылдық округінде  өтті.

Шарбақты аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Шарбақты ауданының ауылдары, ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау нәтижелері туралы хаттамаларынан сайлау қорытындысы анықталды:

                                          Галкино ауылдық округінің әкімін сайлау   

                                          бойынша Галкино сайлау округі:

Округ бойынша сайлаушылар тізіміне 1205 адам енгізілді,

олардың 869 дауыс берді.

         Жарамсыз бюллетеньдер саны - 17, «Бәріне қарсы»  белгісі бар - 5.

Әр кандидатқа берілген дауыстар саны:

         М.Д.Асаинов - 380;   Д.К. Нурсеитов - 467.

«Ауыл» партиясы ұсынған, Галкино ауылдық округінің Галкино ауылында тұратын, Галкино ауылдық округінің Павлодар облысының білім беру басқармасы, Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің «Галкино жалпы орта білім беру мектебі» КММ-нің  тарих пәнінің мұғалімі, 1978 жылы туған, Нурсеитов Даурен Калдыбаевич Галкино ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

        

                                    Орловка ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша 

                                     Орловка сайлау округі:                                                                                                                                                                 

Округ бойынша сайлаушылар тізіміне 721 адам енгізілді,

олардың 693  дауыс берді.

         Жарамсыз бюллетеньдер саны - 4, «Бәріне қарсы»  белгісі бар - 0.

Әр кандидатқа берілген дауыстар саны:

         О.Ю. Барабанова– 12; И.В. Галлямова - 654; И.В. Калинина - 23.

«Nur Otan» партиясы  ұсынған, Орловка ауылдық округінің Орловка ауылында тұратын, «Орловка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі, әкім, 1977 жылы туған, Галлямова Ирина Владимировна Орловка ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

 

Шарбақты  ауылдық округінің әкімін сайлау

 бойынша  Шарбақты сайлау округі:                  

Округ бойынша сайлаушылар тізіміне 6584 адам енгізілді,

олардың 6339 дауыс берді.

         Жарамсыз бюллетеньдер саны - 216, «Бәріне қарсы»  белгісі бар - 92.

Әр кандидатқа берілген дауыстар саны:

         Ж.К.Жаров - 1090; М.К.Жиенбаев - 4381; Б.Р.Какенов - 560.

«Nur Otan» партиясы ұсынған, Шарбақты  ауылдық округінің Шарбақты ауылында тұратын,  «Шарбақты ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі, әкім, 1976 жылы туған, Жиенбаев Максут Курмантемирович Шарбақты ауылдық округінің әкімі болып сайланды. 

         Шарбақты аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес,  2021 жылғы 26 шілдедегі шешімімен 2021 жылы 25 шілдеде сайланған Шарбақты ауданының ауылдардың және ауылдық округтердің әкімдерін тіркеді.  

 

 

Шарбақты аудандық аумақтық сайлау комиссиясы