Ипотека алу туралы шешім қабылдасаңыз, онда сізге зейнетақы аударымдары туралы анықтама міндетті түрде қажет. Бұл анықтаманы бірнеше жолмен алуға болады. Төменде нұсқаулық көрсетілген.⠀

Ипотека алу туралы шешім қабылдасаңыз, онда сізге зейнетақы аударымдары туралы анықтама міндетті түрде қажет. Бұл анықтаманы бірнеше жолмен алуға болады. Төменде нұсқаулық көрсетілген.⠀

eGov.kz портал арқылы:⠀
1. Сізге ыңғайлы тәсілмен порталда авторизациядан өтіңіз⠀
2. «Әлеуметтік қамтамасыз ету» бөлімін ашыңыз⠀
3. «Зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу» қызметін табыңыз⠀
4. «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басыңыз⠀
5. Аударымдар туралы анықтама қандай уақыт кезеңі үшін қажет екенін көрсетіңіз⠀
6. ЭЦҚ арқылы қызметке қол қойыңыз және анықтама 20 минут ішінде дайын болады.⠀

eGov mobile қосымшасы арқылы:⠀
1. Қосымшаға кіріп, тіркеліңіз⠀
2. «Қызметтер» бөлімінен «Жеңілдіктер, жәрдемақылар, зейнетақылар» бөлімін табыңыз⠀
3. Содан кейін «Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат» бөлімін ашыңыз⠀
4. Қажетті кезеңді көрсетіңіз⠀
5. ЭЦҚ немесе СМС көмегімен қызметке қол қойыңыз, анықтама 4 сағат ішінде дайын болады.⠀

@Kenes1414bot (EgovKzBot2.0) телеграм-бот арқылы:⠀
1. @Kenes1414bot (EgovKzBot2.0) телеграм-ботын табыңыз⠀
2. Мәзірден «Қызметтер» бөлімін таңдаңыз⠀
3. Содан кейін мессенджер арқылы «Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат (инвестициялық табысты ескере отырып)» бөлімін таңдаңыз⠀
4. Өз атыңызды жіберіңіз⠀
5. Телефон нөміріңізді жіберіңіз⠀
6. Қажетті кезеңді көрсетіңіз⠀
7. SMS арқылы сізге келетін кодты жіберіңіз⠀
8. Бірнеше минут ішінде анықтама дайын болады. Сіз оны жүктей аласыз немесе поштаңызға бағыттай аласыз.⠀

Қажетті анықтамаларды үйден шықпай-ақ алыңыз!⠀