Тұрғылықты жері бойынша тіркелу үшін интернет жүйесі мен 15 минут бос уақытыңыз болса жеткілікті

Тұрғылықты жері бойынша тіркелу үшін интернет жүйесі мен 15 минут бос уақытыңыз болса жеткілікті

Егер қандай да бір себептермен сізде тұрғылықты тіркелу болмаса, мүмкіндігінше тезірек тіркелуіңіз тиіс. Себебі, сізге айыппұл салынуы мүмкін.

Мұны электрондық үкімет порталы арқылы қалай жасау керектігі туралы нұсқаулықты ұсынамыз:
- ЭЦҚ көмегімен eGov.kz порталында авторизациядан өтіңіз
- Іздеу жолында «ҚР халқының тұрғылықты жері бойынша тіркеу» қызметін тауып, «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басыңыз
- Өтінімді толтырып, оған ЭЦҚ көмегімен қол қойыңыз. Тұрғын үй иесі де eGov арқылы өз келісімін береді.
- Қызмет көрсету мерзімі 15 минуттан аспайды, сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарлама жеке кабинетке келеді.

ХҚО ғимаратында да тіркелуге болады, бірақ бұл үшін міндетті түрде тұрғын үй иесінің жеке қатысуы және оның келісімі қажет.

Оңай әрі тез тіркеліңіз!