ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНАН «АЛТЫН САПА» БАЙҚАУЫНА 9 КӘСІПОРЫН ҚАТЫСАДЫ

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНАН «АЛТЫН САПА» БАЙҚАУЫНА 9 КӘСІПОРЫН ҚАТЫСАДЫ

Биыл Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына Павлодар облысының кәсіпкерлерінен алдыңғы жылдармен салыстырғанда ең көп өтініш түскен.Бұл туралы Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Сәдуақасов мәлімдеді.
«Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» талапкер кәсіпорынның өнімі немесе қызмет көрсету сапасы мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы жетістіктері, сондай-ақ менеджмент жүйелерін енгізгені үшін жыл сайын берiледi. Дәстүр бойынша павлодарлық үздік кәсіпорындар ең беделді «Алтын сапа» сыйлығын иелену байқауында өздерінің сапа саласындағы жоғары жетістіктерін растайды. Биыл үміткерлерден 9 өтініш түсті», – деді Серік Сәдуақасов.
«Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған байқауда сыйлық жыл сайын үш аталымда үш санатта тағайындалады:
-«Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын»;
-«Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздік кәсіпорын»;
-«Қызмет көрсету саласындағы үздік кәсіпорын»;
-«Ауылшаруашылық және/немесе азық-түлік тауарларын шығаратын үздік кәсіпорын».

Әр аталым бойынша келесі cанаттар бойынша үш жүлде беріледі:
-Шағын кәсіпкерлік субъектісі;
-Орта кәсіпкерлік субъектісі;
-Ірі кәсіпкерлік субъектісі;
-Үздік индустриялық жоба;
-Үздік инновациялық жоба.
Сыйлық лауреаттарына диплом, байқау эмблемасы және 450 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі ақшалай сыйлық беріледі. Сонымен қатар, лауреаттар төрт жыл ішінде «Алтын сапа» байқауының эмблемасын жарнама мақсатында пайдалану құқығын алады.

#Павлодароблысыкәсіпкерлерпалатасы
#seriksadvakasov
#РПППавлодар