Павлодар облысының ХҚО-лары Ashyq қосымшасы арқылы клиенттерді қабылдайды

Павлодар облысының ХҚО-лары Ashyq қосымшасы арқылы клиенттерді қабылдайды

14 маусымнан бастап Павлодар, Ақсу, Екібастұз ХҚО-лары Ashyq сервисі арқылы клиенттерді қабылдауға көшеді. Теріс немесе бейтарап мәртебесі бар тұрғындар мемлекеттік қызметтерді кезексіз алуына болады.

Ashyq қосымшасы бойынша жоғарыда аталған қалалардағы ХҚО-ға кіруге қолжетімді болады, әрбір фронт-офистеріне сканерлеу үшін арнайы дербес QR-код берілді. QR кодтары ғимаратқа кіре берісте ілінген. Бұл ретте кезекке алдын ала брондау мүмкіндігі бұрынғыша қалады. Оның артықшылығы – сіз белгіленген уақытта оператордың қабылдауына бірден өте аласыз.

«Егер смартфоныңызда Ashyq қосымшасы болмаса, жақында ғана Ashyq функционалы енгізілген eGov mobile, Kaspi.kz және Halyk Homebank қосымшаларын пайдалана аласыз. Біз халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында жұмыстарды жалғастырып жатырмыз. Тіпті сізде осы қосымшалар болмаса да, мәртебеңізді ХҚО қызметкерлері сіз ұсынған ЖСН бойынша анықтайтын болады», - деп «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕ АҚ Басқарма Төрағасы Әділ Қожықов хабарлады.
Сонымен қатар, келушілерден санитарлық қауіпсіздік шаралары туралы ұмытпауды сұрайды.