Ү.ж. 2 наурызда Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Айдар Тастеміров Президенттің "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру аясында Шарбақты ауданында азаматтарды көшпелі қабылдау өткізді.

Ү.ж. 2 наурызда Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Айдар Тастеміров Президенттің "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру аясында Шарбақты ауданында азаматтарды көшпелі қабылдау өткізді.

Кездесу Шарбақты ауылының сервистік әкімдігінде аудан әкімі А.Әбеуов, "Nur Otan" партиясы облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясының өкілі М. Смағұлов, "Ертіс орманы" МОТР РММ директорының м. а. а. Бектеміров, ауданның жергілікті полиция қызметінің бастығы Т. Балтабаевтың қатысуымен өтті.
Шарбақты ауылының тұрғындары М.Г. Барсуковский мен М. х. Бейсекенова ауыл шаруашылығы жер учаскелерін беру, сондай-ақ орман алқаптарын пайдалану мәселелері бойынша өтініш білдірді.
Келіп түскен сұрақтарға А.Бектеміров, Т. Балтабаева, сондай-ақ аудан әкімі түсініктеме берді.
Жеке қабылдау қорытындысы бойынша құзыретті органдарға бірқатар ұсынымдар берілді.
Ертіс орманы мемлекеттік орман табиғи резерваты-шаруашылық-ұйымдастыру қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде шаралар қабылдасын.
Полиция қызметі орман ұрлаумен байланысты кез келген ақпаратқа ерекше назар аударсын.
Аудан әкімдігі елді мекендердің айналасындағы жайылымдық жерлерді ұлғайту туралы мәселені қарастырсын.
Сонымен қатар, А.Тастеміров фронт – офистің жұмысымен танысты. Қызметкерлердің қызметіне оң баға беріп, шалғайдағы ауылдық округтерде сервистік әкімдіктердің ашылуын жеделдетуді, сондай-ақ қызметкерлер штатын ұлғайтпай Денсаулық сақтау және білім беру саласында қызметтер мен консультацияларды енгізуді сұрады.