Логотип
Меню
Страницы
Аппарат акима
Пресс-центр
Деятельность
Документы
Контакты
gov@nitec.kz

#Біз жылу сыйлаймыз: Азаматтарға арналған үкімет қызмет көрсету тәсілін өзгертуде

#Біз жылу сыйлаймыз: Азаматтарға арналған үкімет қызмет көрсету тәсілін өзгертуде

ХҚО бөлімінің келушілеріне «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстыө филиалының директоры Фархат Әлімов қызмет көрсетті. Дәстүрлі қызметтен бөлек, ол дүниеге енді келген тұңғыштарының құжатын алған ата-ананы, құрметті демалысқа шыққан павлодарлық пен көп балалы атанған келіншекті салтанатты түрде құттықтады. Құжаттардан бөлек, мемлекеттік корпорацияның директоры естелік сыйлықтар да табыстады.

Естеріңізге салайық, бүгінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қызметкерлердің корпоративті құндылықтарын қалыптастыру бағытында белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Мәселен, ХҚО қызметкерлері баласының туу туралы куәлігін,жеке басын куәландыратын құжатты немесе жүргізуші куәлігін алғаш алған,зейнетке шығып жатқан келушілерді өміріндегі ұмытылмас сәттерімен құттықтап, жылы лебіздерін білдіреді.

Фархат Әлімовтің айтуынша, мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызметтерді дәстүрлі түрде көрсету шеңберінен шығуға ұмтылып, келушілерге жылу мен мейірімділік сыйлауға дайын. «Әлем өзгерді, онымен бірге біз де өзгеруіміз керек. Қызметалушыларды жігерлендіріп, қуанышын бөлісіп, әркез қолдауымыз қажет. Маркетологтар мұны тұтынушының қалауын табу дер, ал біз оны шынайы ықыластаныту деп атар едік», –дейді Әлімов.

Директордың қолынан құжат алғандар да өз пікірін айтуды жөн көрді. Көп балалы ана атанған Ксения Ярулина мемлекеттік қызмет көрсету саласында мұндайды бірінші рет кездестіргенін жасырмады: «Төртінші баламның дүниеге келуімен құттықтап жатқандарыңызға көп рахмет, өте жағымды әсер алдым. Елімізде өз азаматтарына осындай ілтипат көрсететін ұйымдардың бары қуантады».

ХҚО-да қызмет көрсетудің жаңа тұжырымдамасы биылғы қыркүйекте басталды. #Бізжылусыйлаймыз жобасы аясында еліміз бойынша 20 мыңға жуық қазақстандық қызмет алды. Бұл деректің тек ұлғая түсері анық, себебі мемлекеттік корпорацияның басқарма төрайымынан кейін, осы аптадан бастап,ХҚО-да Азаматтарға арналған үкіметтің төрайым орынбасарларынан, басқарушы директорларына дейін барлық топ-менеджмент азаматтарға қызмет көрсетеді.

Дата публикации
12 ноября 2020
Направления деятельности
Центр обслуживания населения
Популярные новости
Социальные медиа
Instagram
Меню подвал
Сайт Президента РК
Цели устойчивого развития
Открытое Правительство
Законодательство
Государственные символы РК
Послания Президента РК
Сайт Парламента РК
Сайт Первого Президента РК – Елбасы
Сайт Премьер-Министра РК
Структура Правительства РК