
Құрметті Шарбақты ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 15 наурызда Қазақстанда республикалық референдум өтеді.
Шарбақты ауданының тұрғындары үшін Call-орталық құрылды (күн сайын үзіліссіз және демалыс күндері сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін): телефон - 8 (71836)21991, WhatsАpp 87712072795.
Республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар тізімінде өзін тексеруге, сондай-ақ өз учаскесінің нөмірі мен мекенжайын нақтылауға болатын Телеграмм-Ботта (Pvlsailau_bot) сайлау учаскесін іздеу сервисі құрылды.
Шарбақты ауданының барлық тұрғындарын белсенді азаматтық ұстаным танытуға және референдумға қатысуға шақырамыз!