Шарбақты ауданының әкімі ерекше балаларды тәрбиелеп отырған әйелдерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

Шарбақты ауданының әкімі ерекше балаларды тәрбиелеп отырған әйелдерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Шарбаөты ауданының әкімі С. Иманқұлов ерекше балаларды тәрбиелеп отырған аудан әйелдерін 8 наурыз мерекесімен құттықтады.

Құттықтау сөзінде ол бұл аналардың ерекше қайсарлығын, төзімділігін және шексіз аналық мейірімін атап өтті. Олардың күнделікті еңбегі, балаларына деген қамқорлығы мен адалдығы зор құрмет пен алғысқа лайық.

Сондай-ақ дәл осындай аналардың табандылық пен жанқиярлықтың үлгісі екені айтылды. Олар балаларына жылулық, махаббат пен қамқорлық сыйлап, қолдау мен сенімге толы орта қалыптастырып келеді.

Сонымен қатар биыл еліміз маңызды тарихи оқиға — 15 наурызда өтетін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы бойынша референдум қарсаңында тұрғаны атап өтілді. Жаңа Конституция отбасы институтын нығайтуға, әлеуметтік қолдау жүйесін дамытуға және азаматтарға қосымша кепілдіктер жасауға бағытталған.

Аудан әкімі әйелдерге зор денсаулық, күш-қуат, амандық және отбасыларына жылулық тіледі. Әр шаңырақта әрдайым бейбітшілік, махаббат пен өзара түсіністік орнасын, жанашыр жандар әрдайым қасыңыздан табылсын.

Мереке құтты болсын, қадірлі әйелдер!