Шарбақты ауданының аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайланған әкімге куәлік табыс етті

Шарбақты ауданының аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайланған әкімге куәлік табыс етті

2026 жылғы 3 наурызда "Шарбақты ауданы Жылы-Бұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ ғимаратында ауылдық округ активінің кеңесі өтті, онда Шарбақты аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Д.Б. Алпыспаева Жылы-Бұлақ ауылдық округінің сайланған әкімі Фируза Ириковна Жүнісоваға куәлік табыс етті.

Фируза Ириковна Жүнісова Жылы-Бұлақ ауылдық округі тұрғындарының тікелей сайлау нәтижелері бойынша әкім болып сайланды, 2026 жылғы 3 наурыздан бастап өз міндетіне ресми түрде кірісті.

Жүнісова Фируза Ириковна 03.01.1975 жылы Өзбекстан Республикасының Ферғана облысының Киргили ауылында дүниеге келген.          

2019 жылдан бастап сайлау сәтіне дейін "Шарбақты ауданы Хмельницкий ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ әр түрлі лауазымдарда 20 жылдан астам қызмет атқарған, "Шарбақты ауданы Жылы-Бұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты"ММ бас маманы болған.