Щарбақты ауданында «Ашық есік күні» өтті

Щарбақты ауданында «Ашық есік күні» өтті

2026 жылғы 3 наурызда Щарбақты ауданының Азаматтарды қабылдау орталығында «Ашық есік күні» өтті.
Азаматтарды жеке қабылдауды аудан әкімі С. Иманқұлов, аудандық соттың төрағасы, аудан прокуроры, полиция бөлімінің басшысы, сондай-ақ аудан әкімдігінің дербес бөлімдерінің басшылары жүргізді.

Кездесу барысында тұрғындар ауыл шаруашылығы және халықты жұмыспен қамту салалары бойынша мәселелер көтерді. Барлық өтініштер бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, жекелеген мәселелер одан әрі пысықтау үшін бақылауға алынды.

Мұндай іс-шараларды өткізу мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз етуге және азаматтардың өтініштерін жедел қарауға бағытталған.

Халықпен өзара іс-қимыл жұмысы жалғасатын болады.