2026 жылғы 24 ақпанда квазимемлекеттік сектор ұйымының қызметкерлеріне арналған семинар өтті

2026 жылғы 24 ақпанда квазимемлекеттік сектор ұйымының қызметкерлеріне арналған семинар өтті

2026 жылғы 24 ақпанда Шарбақты ауданы әкімдігінің «Қайнар» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны квазимемлекеттік сектор ұйымының қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарын түсіндіру бойынша семинар өтті.

Іс-шараны аудан әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі М.Қ. Жиенбаев, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы Қ.Ж. Исанов, аудан әкімі аппаратының ұжымды басқару қызметінің қызметкерлері ұйымдастырды.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдарды сақтау, мүдделер қақтығысын реттеу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік мәселелері қаралды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға және парасаттылық мәдениетін қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

Мұндай іс-шараларды өткізу квазимемлекеттік сектор ұйымдарында ашықтық және сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.