
Ағымдағы жылдың 18- ақпанында Бақтылы Қайырбекқызы Калыбаеваның төрағалығымен ауданның қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Бұл отырыста "Шарбақты ауданының 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2026 жылға арналған міндеттері туралы" баяндамамен Шарбақты ауданының әкімі Сержан Ерғалымұлы Иманқұлов сөз сөйледі. 2025 жылы атқарылған жұмыстар туралы аудандық мәслихаттың төрағасы Гулмира Қаратайқызы Смаилханова және ауданның қоғамдық кеңесінің төрағасы Бақтылы Қайырбекқызы Калыбаева қосымша баяндама жасады.
Аудан әкімі өткен жылы атқарылған жұмыстар және 2026 жылға арналған жоспарлар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Ол 2026 жылы аудандағы кірме және кентішілік жолдарға жөндеу жүргізілетінін, ауыл шаруашылығында 4 перспективалы жоба іске асырылатынын, аудандық соттың және ҰҚКД әкімшілік ғимараттары салынатынын, ауылдың оңтүстік жағындағы ДКК ғимаратын қаржыландыру мәселесі шешілетінін, ДКК күрделі жөндеудің 2 жылдық жобасын жүзеге асыру жоспары туралы, сонымен қатар ағымдағы жылда атқарылатын басқа да көптеген перспективалы жобалар туралы айтты.
Әрі қарай аудан әкімі ауданның қоғамдық кеңесі мүшелерінің сұрақтарына жауап берді.
Қойылған сұрақтардың ішінде: аудан ауылдары арасындағы жолаушылар тасымалы, Шарбақты ауылында қосымша қоқыс таситын көлік сатып алу, қажеттілігі бар қазандықтар үшін жаңа қазандықтар сатып алу, "Павлодар-Шарбақты", "Галкино-Шалдай" автомобиль жолдарында жолда жүретін жылқы иелерімен мәселелерді шешу, "Қайрат" стадионындағы жүгіру жолын жөндеу мәселесі шешу, аудандық қызметтерді су тасқыны кезеңіне дайындау туралы болды.
Барлық қойылған сұрақтарға аудан әкімі толық, құзыретті жауаптар берді.
Аудан әкімі ауданның Қоғамдық Кеңесінің мүшелеріне бей-жай қарамағаны, азаматтық белсенділігі үшін алғысын білдіріп, Қоғамдық кеңес мүшелері елдің Негізгі заңы-Конституцияны бекіту бойынша референдум дайындауға және өткізуге белсенді қатысады деген үмітін білдірді.
Ауданның қоғамдық кеңесі мүшелерінің атынан К. М. Машенов аудан әкіміне ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, әсіресе халықтың әл-ауқатын арттыру бойынша атқарылған үлкен жұмысы үшін алғысын білдірді.
Қосымша баяндамашыларға сұрақтар қойылмады. Барлық үш баяндама назарға алынды. Отырыста көтерілген мәселелер орындауға және бақылауға алынды.
Отырыста ауданның қоғамдық кеңесінің мүшелері 2026 жылға арналған ауданның қоғамдық кеңесінің жұмыс жоспарын қарады және бекітті. Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралды.
Ауданның қоғамдық кеңесінің хатшысы К.Кокина.