
Мониторинг нәтижесінде екі дәріханада да Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген дәрілік заттарды өткізу қағидаларының қатаң сақталатыны анықталды. Дәрі-дәрмектер санитарлық және фармацевтикалық талаптарға сәйкес босатылады. Таңдап алынған дәрілік препараттардың бағалары белгіленген шекті деңгейден аспайды.
Сондай-ақ дәріханалардың ғимараттары мен жабдықтары дәрілік заттар саудасына қойылатын мамандандырылған талаптарға толық сәйкес келеді.