Жылы-Бұлақ ауылының жастары ауылдық медицналық пунктке «ARMED» оттегі аппаратын сыйлады

Жылы-Бұлақ ауылының жастары ауылдық медицналық пунктке «ARMED» оттегі аппаратын  сыйлады

Қазіргі таңда елімізде түрлі іс-шаралар мен акциялар, қайырымдылық қорлары арқылы қол ұшын созатын ізгі жандар көбейіп келеді.

Осы орайды  Жылы-Бұлақ ауылының жастарын  айтып кету жөн.Олар туған ауылына жақсылық жасаудан еш аянбай келеді.

Ауыл жастары бірігіп, аулдық медицналық пунктке 378 мың теңге соммадағы «ARMED» тыныс алу оттегі аппаратын сыйлады.

Бұл аппарат  індетке шалдығып, өздігінен дем ала алмайтындарға көмек. Қиын кезеңде бір-бірімізге демеу болсақ, бұл індетті де бірге жеңеміз.

Әрбір азамат елдің игілігі үшін осылайша қолдан келген көмегін көрсетсе, біздің қоғам жан-жақты дамиды. Ауылдың жомарт жастары на алғысымыз шексіз.