
Шарбақты ауданының төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындарға ескертеді: күл мен көмір қалдықтарын рұқсат етілмеген орындарға төгуге қатаң тыйым салынады.
Жылу беру маусымының басталуына байланысты күлмен абайсыз қарау салдарынан өрт шығу жағдайлары жиілеп кетті. Күл толық суығандай көрінгенімен, оның ішінде тліп жатқан шоқтар қалуы мүмкін. Олар құрғақ шөпке немесе қоқысқа түскен жағдайда өрт тудыруы ықтимал.
Шарбақты ауданының ТЖБ қызметкерлері мұндай жағдайлар көбінесе жеке үйлердің аулаларында және олардың маңайында орын алатынын атап өтеді. Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажет:
Шарбақты ауданының төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындарды, әсіресе жылыту маусымында, сақ болуға шақырады. Есте сақтаңыздар: өрттің алдын алу — оны сөндіргеннен әлдеқайда жеңіл.