Балалардың отпен ойнауы – ауыр зардаптарға апаратын қауіп

Балалардың отпен ойнауы – ауыр зардаптарға апаратын қауіп
Баланың қызығушылығы мен білмекке құмарлығы – оның дамуының табиғи бөлігі. Алайда бұл қасиеттер қауіпсіздік ережелерін сақтамаса, қайғылы жағдайға себеп болуы мүмкін. Өкінішке қарай, үйдегі өрттердің бір бөлігі дәл балалардың отпен ойнауынан туындайды.
 
Сіріңке, шам, от жағатын құралдар – бала үшін қызық, бірақ қауіпті заттар. Бір сәттік ойын бірнеше секундта үлкен өртке айналуы мүмкін.
 
Ата-аналарға мынадай шараларды қатаң ұстану ұсынылады:
•От көзі болатын заттарды (сіріңке, шам, газ тұтатқыш) балалардың қолы жетпейтін жерге қою;
•Балаларға оттың пайдасы мен зияны туралы жасына сай түсінікті етіп түсіндіру;
•Тек ересектердің бақылауымен ғана отты қолдануға рұқсат беру;
•Қауіпсіздік ережелерін күнделікті өмірде үнемі еске салып отыру.
 
От – адамның досы да, жауы да бола алады. Қауіпсіздік ережелерін сақтау – әр отбасының міндеті. Балаларымыздың өмірін қорғау – біздің ортақ жауапкершілігіміз.