Дін, мәдениет және тіл

Дін, мәдениет және тіл

Шарбақты ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі «Жыр - Маржан» жас ақындар клубының кезекті  жұмыс жоспарына сәйкес  «Дін, мәдениет және тіл» атты ақпараттық - танымдық шара өткізді.  Шараның басты мақсаты жастарға дін, мәдениет және тіл  жөнінде ұғым қалыптастыру және бағыт бағдар беру.

 Шараға аудандық мешіттің бас имамы Ақжол Исабекұлы, «Жыр - Маржан» жас ақындар клубының мүшелері, ұстаздар мен  оқушылар  қатысты.  

         Діни ұғым жөнінде толық мағыналы  ақпарат берген Ақжол Исабекұлы жастарға Жүсіп Баласағұни еңбектерін оқып жан-жақты білім алуды, Ұлы Абай, Шәкәрім басқа да ақындардың шығармаларындағы ұлттық құндылықтарды үлгі тұта отырып, қоғамдық сананы қалыптастыру.  Қазіргі әлеуметтік желілердегі ақпараттарға мұқият, абай болуды және діни теріс ағымдардан сақтану жайында кеңес берді.