Құрметті аудан жастары!

Құрметті аудан жастары!

Сіздер # Zhas-Halyk.Ertis  бағдарламасы  арқылы бизнес үшін кепілсіз 15 миллион теңге несиеге қол жеткізе  аласыздар.
Halyk  Bank облыс әкімдігімен бірлесіп,  жас кәсіпкерлерді қолдау үшін арнайы кредиттеу бағдарламасын іске қосты.
Бұл бизнесті құру және дамыту  идеялары бар адамдар үшін бірегей мүмкіндік, әрбір "жас" стартапердің өз  ісін бастау және қолдау үшін инвестициялық  мақсатта 84 айға және айналым қаражатын  толықтыруға  36 айға дейін кепілсіз 5%-бен  15 000 000  теңгеге дейін алу мүмкіндігі бар. Бизнес идеяңызды іске асыру үшін нақты ақша алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз.
Бар болғаны  http://zhashalyk-ertis.kz/ сайтында  өтініш беріңіз және бизнес-жоспарды қоса жолдауды  ұмытпаңыз. Сонымен қатар, өзіңіз туралы және сіздің бизнес-идеяңыз туралы бейнежазбаны да жолдау қажет.
Банк мамандары сізбен хабарласып, қажетті сұхбат жүргізеді.
Барлық қызықтыратын сұрақтар бойынша сіз аудандық кәсіпкерлер палатасына  хабарласа аласыздар. Малайсары Тархан көшесі 42. Байланыс телефоны 8 (71836) 21210,  Чайко  көшесі,39