Шарбақты аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайланған әкімге куәлік табыс етті

Шарбақты аудандық  аумақтық  сайлау комиссиясы сайланған әкімге куәлік табыс етті

2025 жылдың 1 қазанында «Шарбақты ауданы әкімінің аппараты» ММ ғимаратында аудан активінің жиналысы болып өтті, онда Шарбақты аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Д.Б. Мамлянова, Шалдай ауылдық округінің әкімі болып сайланған Зарина Қаппасовна Амарбаеваға куәлік табыс етті.

Зарина Қаппасқызы Амарбаева Шалдай ауылдық округі тұрғындарының тікелей дауыс беруі арқылы әкім болып сайланып, 2025 жылдың 1 қазанынан бастап өз міндетіне ресми түрде кірісті.

Зарина Қаппасовна Амарбаева 1988 жылы 17 наурызда Павлодар облысы, Павлодар қаласында дүниеге келген. 13 жылдан астам мемлекеттік және жеке кәсіпорындарда есепші болып жұмыс істеген. 2020 жылдан бастап сайлауға дейін «Шарбақты ауданы, Шалдай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде бас маман қызметін атқарған.