Еңбек жолын 2004 жылы Шарбақты ауданы қылмыстық-атқару инспекциясының аға инспекторы болып бастаған;
2008 жылдан 2021 жылға дейін – Павлодар облысының құқық қорғау органдары жүйесінде әртүрлі лауазымдарда, оның ішінде басшылық қызметте 10 жылдан астам жұмыс істеді;
2023 жылы Тереңкөл ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы болып тағайындалды (негізгі қызметкер шыққанға дейінгі кезеңге);
2023 жылдың тамыз айынан бастап "Павлодар металл конструкциялары зауыты" ЖШС еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің инженері болып жұмыс істеді;
2024 жылдың маусым айынан бастап Шарбақты ауданы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды;
2024 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Шарбақты ауданы әкімінің аппараты жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі бас инспектор қызметін атқарды.