Арбаиген ауылындағы мектептің 100 жылдығы

Арбаиген ауылындағы мектептің 100 жылдығы

Құрметті аудан тұрғындары!

2025 жылдың 10 тамызында  Арбаиген ауылының мектебінің 100 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара жоғары деңгейде өтті. Ауылымыздың тарихында елеулі орын алатын бұл білім ордасы ғасыр бойы талай ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие беріп, елге адал қызмет етер азаматтарды тәрбиеледі.

 

Мерейтой аясында ауылдық мәдениет үйінде ауданымыздың шығармашылық ұжымдары, арнайы шақырылған қонақтар, олардың қатарында Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор, Шарбақты ауданының құрметті азаматы – Шахимардан Қайдарұлы Әбілов, ардагер ұстаздар мен мектептің түлектері қатысқан мерекелік концерт ұйымдастырылды.

 

Концерттен кейін ауыл тұрғындары үшін дастархан жайылып, бауырмалдық пен бірліктің айғағы ретінде ұлттық тағамдар ұсынылды. Іс-шара спорттық ойындармен жалғасын тапты. Топ және аламан бәйге, арқан тарту және халқымыздың өзге де ұлттық ойындары мерекенің шырайын келтірді, ауыл жұртын бір серпілтті.