Аудан әкімінің 2025 жылғы 1 тамыздағы өкіміне сәйкес "Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болып Баисов Жанат Бисембайұлы тағайындалды.
Жанат Бисембайұлы еңбек жолын 2003 жылы Қарулы Күштер қатарында бастаған. Кейінгі жылдары жергілікті атқарушы органдарда, жер қатынастары және әділет саласында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. 2025 жылдың сәуір айынан бастап Шарбақты ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметін атқарды.