Шарбақты ауданы аумақтық сайлау комиссиясы сайланған әкімге куәлік табыс етті

Шарбақты ауданы аумақтық сайлау комиссиясы сайланған әкімге куәлік табыс етті

2025 жылғы 8 шілдеде «Шарбақты ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің ғимаратында аудан активтерінің қатысуымен жиналыс өтті, жиналыста Шарбақты аудандық аумақтық сайлау комиссиясының өкілі А.Ж.Қасенова Шалдай ауылдық округінің әкімі болып сайланған Ерғанат Аязбиұлы Қайкенге куәлік тапсырды.
Шалдай ауылдық округі тұрғындарының тікелей сайлауының қорытындысы бойынша Ерғанат Аязбиұлы Қайкен әкім болып сайланды, 2025 жылғы 8 шілдеде ресми түрде өз міндетін атқаруға кіріседі.
Қайкен Ерғанат Аязбиұлы 1991 жылы 7 қазанда Шарбақты ауданы, Есілбай ауылында дүниеге келген. 12 жылдан астам Павлодар облысының әділет Департаментінде, білім саласында , тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жер қатынастары қызмет атқарды. 2018-2019 жылдары Май ауданы Майтүбек ауылдық округінің әкімі болды. 2024 жылдан бастап сайлауға дейін «Павлодар қаласы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарды.