Назначение

Назначение

8 ақпан күні Шарбақты ауылдық округінің әкімі Марат Кожимов ресми түрде таныстырылды. Марат Александрұлы 1986 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген. 2010 жылы Павлодар мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын 2006 жылы «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінде есепші болып бастады. 2007-2010 жылдар аралығында Шарбақты ауданының қаржы бөлімінде жұмыс істеді. 2010-2011 жылдары - жер қатынастары бөлімінің бас маманы. 2011-2018 жылдары - Шарбақты ауылдық округі әкімінің орынбасары. 2018-2024 жылдары - Шалдай ауылдық округінің әкімі.