Бүкіл әулеттер Шарбақты ауданы Шалдай ауылында "Таза Қазақстан" акциясына шықты. Он отбасы жүзден астам қарағай көшеттерін отырғызды. Ауыл тұрғындары екпелерді тастамауды және оларға үнемі күтім жасауды жоспарлап отыр. Олар туған өлкесін көгалдандыруды жалғастыруға ниетті.