Шарбақты ауданы әкімшілігінде алтын құрсақ аналарды марапаттау салтанаты өтті. Ұрпағының санын арттырып, ел демографиясына үлес қосқан ақ жаулықты аналарды аудан әкімі Иманкулов Сержан Ерғалымұлы «Алтын алқа» төсбелгісімен марапаттады. Арбаиген ауылының тұрғыны,көпбалалы ана Серкебаева Қарашаш та "Алтын алқа" иегері атанды.Аудан әкімі отбасының алтын діңгегі болып отырған асыл жандарды құттықтай келе, ақжарма тілегін білдіріп, отбасылық жағдайларын біліп,арыз-өтініштерін тыңдады.